жұма, 27 желтоқсан, 2024 15:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар полицияға 115 атыс қаруын және 1 граната тапсырды

Жамбылдықтар полицияға 115 атыс қаруын және 1 граната тапсырды
ашық дереккөзі
Жамбылдықтар полицияға 115 атыс қаруын және 1 граната тапсырды
Жамбыл облысының тұрғындары полицияға 115 атыс қаруы және 1 граната тапсырды. Ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап Жамбыл облысында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша дәстүрлі республикалық акция өтіп жатыр. Бұл акцияны өткізуге 10 миллион 404 мың теңге бөлінді. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азамат тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне өтініш беруі тиіс. Сыйақы мөлшерін комиссиялар айқындайды. Ерікті түрде тапсырғандар үшін төлем сомасы қарудың түріне, оның техникалық жай-күйіне байланысты және әрбір бірлік үшін 30 мыңнан 300 мың теңгеге дейін төленеді.  width= «Акция басталғаннан бері полиция органдарына азаматтардан 90 өтініш келіп түсті. Жалпы сомасы 7 миллион 403 мың теңгеге 115 бірлік атыс қаруы тапсырылды. Оның ішінде 24 бірлік ойық ұңғылы, 90 бірлік тегіс ұңғылы, 1 бірлік травматикалық қару, сондай - ақ 1 жауынгерлік қол жарықшақты граната бар», - дейді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы полиция полковнигі Мәмбет Смайылов. Жамбыл облысы Полиция департаменті заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылатындығын ескертеді.  width=  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар