Жаңалықтар

«Жамбылдың тумасы»: Нұрбек Оралбай туған жерінен көлік мінді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай туған жеріне келді

Бүгін жамбылдықтар бокстан Париж Олимпидасында ел қоржынына жалғыз жүлде салған Нұрбек Оралбайға құрмет көрсетіп, темір тұлпар мінгізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Олимпиада жүлдегеріне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Hyundai Sonata автокөлігін сыйға тартты.

Ал туған жеріне табан тіреген Нұрбек Оралбай аймақ басшысына былғары қолғабын тарту етті.

Айта кетейік, боксшы Нұрбек пен Айбек Оралбайлар Жамбыл облысы,  Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында дүниеге келген.