Жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЮСУФ АШРАПОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ ЮСУФ АШРАПОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Италияның Рим қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ өтуде. Жаһандық додаданың жүлдесін алғаш болып грек-рим күресінің балуандары сарапқа салуда. Қазақстан Республикасының құрамасы сапында 60 келіде Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ қоласын еншіледі. Бұл жамбылдық балуанның ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ екінші жүлдесі. Бұған дейін 2021 жылы Будапештте (Венгрия) жасөспірімдер арасында қола медаль иеленген болатын.