Жамбылдық жастардың қаржылық сауаты қай деңгейде
- авторjambylinfo.kz
- 27 қыркүйек, 2024
- 343
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда екінің бірінде несие бар. Қоғамда киім-кешектен бастап, азық-түлікке дейін пайызсыз бөліп төлеумен сатып алу қалыпты жағдайға айналды. Халық неге несиеге батып кетті? Бұл мәселеге орай, әлеуметтанушылар мен экономистер не дейді? Ал жастар ше? Jambylinfo.kz тілшісі осы сауалдарға жауап іздеді.
Қаржы саласының маманы Айнұр Талғатқызының айтуынша, халықтың жаппай несие алып, қарызға батуына да қаржылай сауаттың төмендігі себеп.
«Рас, қазір қоғамда несиені несиемен жауып, айлығын шайлығына жеткізе алмай жүрген адам өте көп. Иә, қымбатшылық, инфляция, айлықтың аздығы бәрі қалтаны қағатын факторлар. Алайда, бай адамның өзі қаржылық сауатсыз болса, қолындағы барынан бір күнде айырылар еді. Ширек ғасырдан бері әлемдік қауымдастық қаржылық сауатсыздықпен күресу ісіне ерекше ден қойып келеді. Бұл іске біздің еліміздің көрші мемлекеттер арасында алғашқылардың бірі болып кіріскені бар. Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын көтеруге арналған мемлекеттік бағдарлама да қабылданды. Бүгіндері отбасы бюджетін жүргізудің қажеттілігі, кіріс-шығысты реттеу, банктерден қалай тиімді несие алуға болатындығы, халықтың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту курстары әр өңірде жүргізіліп жатыр», -дейді Айнұр Талғатқызы.
Айнұр Талғатқызы қаржылық сауаттылықты ақшаға қарым-қатынасты жүйелі түрде білім арқылы арттырып, оң нәтижеге қол жеткізу деп түсіндірді.
«Қаржылық сауаттылық әр адамның жас ерекшелігіне байланысты әртүрлі түсіндіріледі, яғни оның балаға, жасөспірімге, ересек адамға арналған түрлері бар. Негізі қаржылық сауаттылықты отбасылық бюджеттен бастаған дұрыс. Адам қаржылай сауатты болуы үшін қаржылық қордың не екенін, отбасылық бюджет, кіріс пен шығысты түсініп алуы қажет. Жалпы соңғы уаықтта жастар қаржылай сауат ашуға талпынып жүр. Елімізде осыған байланысты жыл сайын әлеуметтанушылар зерттеулер зерттеу жүргізеді және соның негізінде мониторинг жасайды. Осы есепке сүйенсек, Қазақстанда соңғы үш жылда қаржылық сауаттылық деңгейі 39 пайыздан 40,2 пайызға дейін өскен. Яғни, нәтижелер көрініп жатыр», — деді ол.
Айнұр Талғатқызы ақшаны дұрыс басқара алатын адамдар қолданатын үш негізгі тәсілді тізді. Ай сайынғы бюджетті есептеу. Ай сайынғы шығыныңыз жалақыңыздан аз болғанын қаласаңыз, бюджетті есептеу керек. Кірістің тізімін жасаған дұрыс: жалақы, инвестиция, салық шегерімдері; сондай-ақ, тұрақты шығындар тізімі: жалдамалы дүниенің ақысы, коммуналдық және несиелік төлемдер; өзге де шығындар: тамақтану, сауда, саяхат және ойын-сауық; жинау керек қаражат.
Жамбылдық тағы бір сарапшы, әлеуметтанушы Фатима Рашидқызының айтуынша, қаржылай сауатты болу үшін ең алдымен кіріс пен шығысты айырып үйренген дұрыс екенін алға тартты.
«Қаржылық сауаттылықты жақсарту үшін адам ең алдымен кіріс пен шығыстан бастауы қажет. Кез келген азамат шығысын есептесе, «теңге тиыннан құралады» демекші, оның басы құралады. Көбінесе адамдар «тиынға санаспайықшы, ол онсыз да жетпейді» деп жатады, ақшаның жетпейтіні де осыдан. Ақша саналмағандықтан жетпейді. Біз неғұрлым оны санап бастасақ, соғұрлым табыс берекелі, нәтижелі болады. Ең маңыздысы, қанша ақша тапқаныңызда емес, табысты берекесімен дұрыс жұмсап, сақтап, оны көбейтудің амалдарын қарастыру», — әлеуметтанушы.
«Қауіпсіздік қорын» қалыптастыру. Мұндай әдет кенеттен жұмыстан шығып қалу немесе көліктің бұзылуы секілді төтенше жағдайда құтқарады. Қордың ең аз мөлшері — 3-6 айдағы кіріс, оңтайлысы — 12 айдағы кіріс. Мысалы, айына 200 мың теңге жалақы алатын адамның «қауіпсіздік көпшігі» 600 мың теңгеден басталады, ал 12 айда бұл сома 2 миллион 400 мың теңгеге дейін көбейеді. Егер сіздің отбасыңыз, балаларыңыз бар болса, бұл қорды көбейту қажет.
Ал енді Жамбылдық жастардың пікірін тыңдап шықтық. Мен қаншалық қаржылай сауаттымын деген сұраққа күнделікті өзіңізге есеп тапсырасыз ба. Бұл сұраққа Аружан Маратқызы былай деп жауап берді.
«Қаржылай сауаттымын деп айта алмаймын соның кесірінен айлығымды еш жерге жеткізе де алмаймын. Қазір күнделікті шығындарды есептеп жазып отырамын. Айлығымды қалай және қай жерге жаратуым керек оны да жазамын. Соның арқасында шығындарымның пайдасыз дүниеге кетірми, ойланып жаратуға тырысамын. Бұрындары жеткізе алмай несие де көп алатын едім, қазір сол несиелерімді жауап тіпті ақшам артылып қалып жүр.Сондықтан ақшаңызды үнемдеп, қаржылай сауатты болуды үйренуіміз қажет екенін ұқтым – дейді ол.
Тағы бір жамбылдық тұрғын Раяна Алматқызы қаржылай сауаттылығымды арттырып, түрлі курстарға да қатысып көрдім. Нәтиже де шығара алдым деп ойлаймын. Қазіргі уақытта барлық жағынан даму маңызды. Оның барлығы ақшаға кеп тіреледі. Сол үшін де қаражаттыңызды жылтыраған дүниелерге жаратпай дұрыс әрі сауатты жұмсап үйреніңіздер деп кеңес берер едім.
«Адамның қаржылық сауаттылығын бағалауға болады. Қаржылық сауаттылықтың үш деңгейі бар. Біріншісі, көрпеге қарай, көсіле отырып, ақшаңды реттеу. Яғни, кіріс пен шығысты теңестіру. Бүгінде өкінішке қарай, қаржылық сауаттылықтың төмендігі соншалық, халықтың табысынан шығысы көп. Шығысты азайтып, кірістен қалған ақшаны сақтау, көбейту және оны болашақтағы мақсат үшін жинау қажет. Балаларды кішкентай күнінен қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу керек. Мына қызықты қараңыз, кішкентай балалар 4 жастан бастап дүкеннен өздері қалаған затты алуға ұмтылады екен. Яғни ата-ана баланы қаржылық сауаттылыққа осы кезеңнен бастап үйрете алады. Ол үшін әртүрлі әдістерді қолданамыз. Ең алдымен үнемдеу, орнымен жұмсау, қажеттіге ғана жарату сынды қарапайым дағдыларды басшылыққа алып, балаға сіңіруге әбден болады. Мысалы, бала жазда жұмыс істеп, азын-аулақ ақша тапса, ата-анасы жинауды, бір мақсатқа жұмсауды көрсетіп, түсіндіреді. Үйдегі тәрбиеден бөлек, қазіргі таңда қаржылық сауаттылық мектеп бағдарламасына да кіргізіліп жатыр. Мұндай бастама көп уақыттан бері айтылып келді, ұзақ талқыланды. Өйткені , жеткіншектердің қаржылық сауатының қалыптасуы мектептен басталатыны анық. Бұл бір қырынан қарасақ кезек күттірмейтін қажеттілік. Себебі адам қарызға батып, несиесін төлей алмай, банкроттық жағдайға жеткен кезде оған қаржыны сауатты пайдалануды үйретуге өте кеш болады», - дейді ол.
Сондықтан мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ асып, бұл бағытта білімді толық жетілдірген жөн.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз