Жамбылдық журналист жарнамалардағы оғаш қателерге шүйлікті

Журналист Эльмира Байназарованың қисынсыз аудармалар туралы материалы "Aq jol" газетінің жаңа санында жарық көрді.
Журналист материалында жарнамалық баннерлердегі, ас мәзірлеріндегі, түрлі қаптамалардағы сауатсыз аудармаларды санамалап, тіл тазалығына мән беру керектігіне ерекше тоқталған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Әсіресе орысшадан сөзбе-сөз аударылған кейбір тіркестер тіл жанашырларының ызасын тудыратыны жасырын емес.
Одан бөлек журналист материалына жергілікті мейрамханалардың біріндегі сауатсыз ас мәзірі арқау болған. Онда қазақтың ұлттық тағамдарын мазақ еткендей тікелей аудармалар көзге оттай басылады.
Журналист тілді тілдегендерді айыптап, оқырманды калька аудармалардан аулақ болуға шақырды.