Жаңалықтар

«Жанқош менен кешірім сұрады»: Қалдыбек Құрманәлі бар шындықты жайып салды

Қазіргі таңда Қалдыбек Құрманәлі қызының қасында екен

Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Гүлбану Әниятқызының хабарлауынша, қазіргі таңда Қалдыбек Құрманәлі қызына қолдау көрсету үшін арнайы Түркістан облысынан Алматыға келген. Композитордың сөзінше, Әнару қазір депрессияда жүр. 

«Жанқош жақтан кешірім сұрап келді. Бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынымды айттым қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын. Қалай дегенде де, қызымның қасында соңына дейін боламын»,-деп жауап берген Қалдыбек Құранәлі. 

Сондай-ақ, сазгер қазіргі уақытта қызы Әнарудың терең депрессияда жүргенін, өзіне бірнеше рет қол салмақ болғанын айтқан.