сенбі, 18 қаңтар, 2025 0:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жанар-жағармай бағасы: үкімет нарықтық модельге көшуді қолға алуда

Жанар-жағармай бағасы: үкімет нарықтық модельге көшуді қолға алуда
qazaqstan.tv
Қазақстан жанар-жағармай бағасын нарықтық реттеу жүйесіне көшіруді жоспарлап, бұл туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Қазақстанда жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеу дәуірі аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Энергетика министрлігі баға саясатын нарықтық механизмдерге бейімдеу жоспарын жариялады. Бұл шешім жанар-жағармай тапшылығын азайтып, сұраныс пен ұсыныс теңгерімін реттеуге бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстан жанар-жағармай бағасының төмендігі бойынша әлемде көш бастап тұр. Мәселен, АИ-92 бензинінің литрі елімізде 205 теңге болса, Ресейде бұл көрсеткіш 288 теңге, Қырғызстанда – 385 теңге, ал Өзбекстанда – 489 теңге. Сол сияқты дизель отынының құны Қазақстанда 295 теңге, көрші елдерде 355-528 теңге аралығында. Баға айырмашылығы 40%-дан 138%-ға дейін жетіп отыр.

Мемлекеттік реттеу жүйесі елде жанар-жағармай өнімдерінің шекара асып кетуіне және тапшылықтың туындауына себеп болғаны айтылуда. Нарықтық модель бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деп болжануда.

Жаңа өзгерістерді қамтитын заң жобасы "Ашық НҚА" порталында талқылауға шығарылды. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам елдегі жанар-жағармай нарығын жаңғыртуға жол ашады.

 

 

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар