Жаңалықтар

Жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

Жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты,

 деп хабарлайды Жамбылинфо  EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болған. Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері бетпе-бет соқтығысты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандардың төртеуі бір үйдің адамдары.