Жаңалықтар

Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишида 9-10 тамызда Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған еді

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида жұмаға жоспарланған Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолияға төрт күндік сапарын тоқтату мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады хабарлайды Jambylinfo.kz. inform.kz -ке сілтесе жасап.

Бұл шешім Жапонияның метеорологиялық агенттігі Нанкай аймағында жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескерткеннен кейін қабылданған. Жапонияның метеорологиялық агенттігі бейсенбі күні елдің оңтүстік-батысында болған 7,1 балдық жер сілкінісінен кейін бірнеше сағат өткен соң алғаш рет ескерту жасады.

Агенттік мәліметінше, Тынық мұхитының оңтүстік-батысынан орталық Жапонияға дейінгі аумақтарды қамтитын үлкен жер сілкінісі қаупі артқан.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишида 9-10 тамызда Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.