Жаңалықтар

Жапонияда отқа оранған қойманы 60-қа жуық өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ сөндіре алмай жатыр

Жапонияда отқа оранған қойманы 60-қа жуық өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ сөндіре алмай жатыр

Дүйсенбі күні Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-шығысындағы Осака қаласында алты қабатты қойма өртенді. Тілсіз жаумен күреске 60-қа жуық өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ жұмылдырылған. Жалын 10 мың шаршы метр аумақты шарпыған Өрт кезінде ғимараттың ішінде 100-ге жуық адам болған, олардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылды. Полиция қоймада оны пайдаланушы компания өкілдерінің бар-жоғын тексеруде. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимарат бөлмелеріндегі бос картон жәшіктерінің өртенуінен басталған