Жаңалықтар

Жапониялық ғалымдар Даун синдромын емдеудің жаңа әдісін сынақтан өткізді

Жапонияның Миэ университетінің ғалымдары CRISPR-Cas9 генді редакциялау технологиясы арқылы Даун синдромының негізгі себебі саналатын артық 21-хромосоманы жасушадан алып тастауға алғаш рет қол жеткізді. Бұл туралы Vietnam.vn порталы хабарлады.

Зерттеу нәтижесінде жасушалардың қалыпты қызметі 37,5% жағдайда қалпына келген. Ген экспрессиясы, жасушалардың өсуі және антиоксиданттық мүмкіндігі де сау деңгейге жақындаған.

Алайда бұл әдіс клиникалық тұрғыда әлі толық қауіпсіз саналмайды. Ғалымдар басқа хромосомаларға зақым келу қаупі бар екенін ескертті. Сол себепті бұл тәсіл тәжірибелік кезеңнен ары аса қойған жоқ.