жексенбі, 24 қараша, 2024 2:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жарқылдаған жақұт жырлар» әдеби кеші өтті

«Жарқылдаған жақұт жырлар» әдеби кеші өтті
ашық дереккөзі
«Жарқылдаған жақұт жырлар» әдеби кеші өтті
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір өңір - бір кітап» облыстық акциясы аясында белгілі жазушы-журналист, елімізге танымал қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосынның «Фәнилік драма» кітабы бойынша «Жарқылдаған жақұт жырлар» әдеби әшекей кешін өткізді. Арғынбай Бекбосын ел тәуелсіздігі жылдарында сан түрлі қыр-сырымен таныла түсіп, қазақстандық журналистиканың тарлан боз тұлғасы деңгейіне көтерілді. Сонымен бірге отыз жылға жуық Шығыс жұлдыздарының бірі - ұлы Омар Хайямнан бастау алатын рубаят түріндегі өлеңдерінің қазақ руханиятына орнығуына күш салған қаламгердің «Фәнилік драма» жинағы жайында кітапхана қызметкерлері сыр шертті.  width= Кешке Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ, ҚР Білім беру саласының үздігі, ҚР Құрметті азаматы, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің филология және журналистика факультетінің аға оқытушысы Бақытжан Мақашев, Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облысы филиалының төрағасы, облыстық «AQ JOL» газетінің бас редакторы, ақын, журналист Хамит Есаман, қаламгердің жары Дариға Хасенқызы мен қызы Жәмилә Арғынбаева қатысты.  width= Кештің ашылу салтанатында Елен Әлімжан сөз сөйлеп, Арғынбай Бекбосынның кешіне жиналған қауымға жазушының қазақ әдебиетінің тереңге тамыр жайған мол қазынасына қайталанбас «Қыл көпір», «Мың түрлі ой», «Фәнилік драма», сынды туындыларына қосқан ерекше көзқарастағы жазушының тектілігі мен қабілеті жайында айтып өтті.  width= Сонымен қатар, қаламдас әріптестері, шәкірттері, табиғат дарытқан білім мен сергектік, сезімталдыққа сүйеніп әдеби сеніміне серкеу түсірмеген жазушының кісілік келбеті мен шығармаларына тоқталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар