жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жарқын болашақ кепілі – мамандықты мүлтіксіз таңдау

Жарқын болашақ кепілі – мамандықты мүлтіксіз таңдау
ашық дереккөзі
Жарқын болашақ кепілі – мамандықты мүлтіксіз таңдау
Қазіргі таңда әрбір жас еңбек жолын қаладан бастағысы келетіні жасырын емес. Десе де, мұндай мүмкіндіктер баршаға бірдей табыла бермейтіні тағы бар. Оның үстіне, бүгінгі жастарымыздың көпшілігі қара жұмыс істеп, қаражат табудан қашады. Міне, осыдан кейін түрлі салаларда кадр тапшылығы орын алатыны ақиқат.  width= «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Бас Директоры Замир Садықұлының бастамасымен қолға алынған «2000 мектеп» жобасы осы мәселеің алдын алуды көздейді. Жоба аясында жолшылар әрбір мектеп пен колледждерге арнайы барып, білім алушылардың кәсіптік қызығушылығын арттыруға күш салуда. Мәселен, дәл осы орталықтың өңірлік филиалының қызметкерлері өскелең ұрпақпен мамандық таңдау бойынша дәріс өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Филиал қызметкері, жетекші сарапшы Жұмахан Шакирбаевтың айтуынша, жоба аясында Тараз қалалық білім басқармасының қолдауымен кешенді іс-шаралар жүзеге асуда. - Мамандық таңдау – әрбір жан үшін маңызды іс. Себебі, болашағыңның жарқын болуы осы сәттен басталады. «2000 мектеп» жобасы аясында білім ошақтарына барған кезде балалардың қай іске икемі бар екенін аңғарып, әңгіме-дүкен құрамыз. Мәселен, өткен жылы әріптестерім 100-ден аса оқу ордасына барған болатын. Ал, осы жылдың әрбір тоқсанында 30 мектептің жоғары сынып оқушыларымен тілдестік. Бұдан бөлек, тұрақты түрде «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып, колледж студенттері 6 айлық тағылымдамадан өтуде, - деді ол. Атап өтерлігі, орталықта тағылымдамадан өтуші білімгерлердің басым бөлігі облыс орталығындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері. Болашақта олар аға буын өкілдерінің бай тәжірибесінен тәлім алып, жол саласының қарқынды дамуына өз үлесін қосады деген сенім мол!
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар