Өзбекстанда жанармай құю бекетінде болған жарылыстан 4 адам көз жұмды
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 желтоқсан, 2024
- 202
Ферғана аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасы (ТЖБ) баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ахмед Яссауи көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарылыс сағат 13:43-те сұйытылған газды шығару кезінде басталған. Оқиғаға технологиялық процесс пен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 13:47-де жетіп, қызыл жалынды 14:12-де толығымен сөндірген.
Облыстық ІІБ ресми ақпаратынша, осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 3-бөлігі "а" тармағы және 259-бабы 3-бөлігі "а" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Кеше 1 азамат оқиға орнында көз жұмды, бірнеше адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Облыстық ІІБ ресми ақпараты бойынша, олардың 3-еуі көрсетілген медициналық көмекке қарамастан ауруханада көз жұмды, – делінген ресми тараған хабарламада.