сенбі, 23 қараша, 2024 22:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жас мамандарды қолдау жалғасуда

Жас мамандарды қолдау жалғасуда
ашық дереккөзі
Жас мамандарды қолдау жалғасуда
Мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына жолдама алған әрбір түлек төрт жыл аяқталған соң оқыған мамандығы бо­йынша оңтайлы жұмыс таба аламын ба деп ойланатыны анық. Тарам-тарам жолдардан таңдаған мамандығыңа қарай қызығып істейтін қызмет табыла қалса жақсы ғой. Әйтпесе жоғары білімі бар жастардың да жұмыс таппай жүргендері қаншама. Қаладан тәжірибе жинақтап, ауылға барған азаматтар да бар.
Оларды күштеп апару заңға да, за­манға да қарсы шыққан­дық шығар. Бұ­рынғыдай қиялы­ңа қарамай қинап апаратын үкі­мет жоқ. Талдау да, таңдау да өз еркіңде. Жаны қалған, жұмыс табылып, жұбайы қарсы бол­мағасын Жансая Сәрсенбаева да осы бағ­дар­лама арқылы Пав­лодар облысына қарай бет алған. «Екі жыл Астана қаласын­дағы Еуразия Ұлттық универ­ситетінің Қазақ тілі мен әде­биеті мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, қолыма дипломымды алып, «Диплом­мен – ауылға» бағдарламасы бойынша Павлодар облысы, Павлодар ауданының Луганск ауылындағы Луганск жалпы орта білім беру мектебіне келдім. Мектеп директоры бір­ден құшақ жая қарсы алды. Ди­ректордың оқу-тәрбие ісі жө­­ніндегі орынбасары лауазымына та­ғайындады, сондай-ақ өз мамандығым бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні­нен 8-сынып оқушыларына сабақ беріп келемін. «Дипломмен – ауылға» бағ­дар­ламасы жастарды ынталандыру мақса­тында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен бас­пана алуға жеңілдетілген несие ұсынады», дейді Ж.Сәрсенбаева. Сонымен қатар ол мемле­кеттік қолдау қаржылай ғана емес, рухани тұрғыдан демеу берушілердің де барын тілге тиек етті. «Менімен бірге осы жылы мек­те­бі­мізге төрт жас маман жұ­мысқа орналасты. Бәріміз де мем­лекет тарапынан беріліп жат­қан көтерме ақыны бір ай ішін­де алдық. Ай сайын аудан әкімі жас мамандарды жинап, жағ­дайларын біліп отырады. Ауылда жас мамандар­ға ар­­нал­ған жатақхана бар. Жатақханада бар­лық жағдай жа­­­сал­ған. Мектептің кәсіп­одақ бө­лі­мінің төрайымы Салтанат Ораз­­байқызы мен бастауыш сы­нып әдіс­темелік бірлестігінің же­текшісі Айнұр Темір­жан­қызы әрдайым біз сияқты жас маман­дарға қолдау көрсетіп, білмеген тұстарымызды айтып, көрсетіп отырады. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қа­ладан емес, ауыл­дан іздеу керек. Өйткені елді дағдарыс кезінде асырайтын – ауыл. Ал ауылда жұ­мыс бо­лу үшін, ол қаланы асы­рай алу үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын ша­руа қожалықтарын қайта қа­уым­дастырып, біріктіру қа­жет», де­ген еді. Расында да, өзде­рі­не қажетті білімді игерген бү­­гінгі жастар оны ауылдың көр­­кеюі үшін қол­данса, еліміз­дің бо­лашағы жарқын, ал жас­тары­мыздың еңбегі еш кетпес еді деген үміттеміз», дейді біздің кейіпкер. Жобаға жауапты Ұлттық эко­но­мика министрлігі өкілдеріне хабарлас­қаны­мызда, 2021 жы­лы 4,5 мың маманға тұр­ғын үй са­тып алуға бюджеттік кре­дит бе­руге 20 млрд теңге жоспар­ланғанын жеткізді. Ведомство берген мәліметке сүйенсек, «Дипломмен – ауыл­ға» жобасының аясында 100 АЕК (291 700 теңге) біржолғы көтерме жәрдемақы және тұр­ғын үй сатып алу үшін 1 500 АЕК-тен (4 375 500 теңге) аспайтын сомада бюджеттік кредит тү­рінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделеді. 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 2,6 мың маманға 11,3 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит берілді. 2020 жылдың шілдесінде әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін жобаға қа­тысушылар тізіміне ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері ап­параттарының мемлекеттік қыз­метшілері қосылды. Әлеу­мет­тік қолдау шаралары кө­бі­несе ауылдық округтер әкім­дері ап­па­раттарының бас және жетек­ші мамандарына бағдарланған. Елбасының 2007 жылғы 5 наурыздағы тапсырмасына сәйкес Жобаны іске асыру ауыл­дық елді мекендерге жұ­мыс істеу және тұру үшін кел­ген әлеуметтік сала маманда­рын қолдауға бағытталған. Әлеу­­меттік саладағы білікті ма­­ман­дардың тапшылығы және ауыл­­дық жерлерде көрсетілетін білім беру, медициналық және өзге де әлеуметтік қызметтер са­па­сының қанағаттанғысыз болуы аталған тапсырмаға негіз болды. 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюд­жетті қалыптастыру шеңберінде тұрғын үйге бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға жыл сайын 20 млрд теңге жоспарланған. Бұл ретте өңірлердің қажеттілігі шамамен 27 млрд теңгені құ­райды. Өткен жылдан бастап жо­баға ауылдық (кенттік) округ әкім­діктерінің аппараттарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер енгізілді, бұл тиі­сінше мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайтады. Аудандық маңызы бар кей­бір қалалардың халық саны, эко­номика құрылымы бойынша ауылдық елді мекендерден ерекшеленбейтінін ескере оты­рып, олардың мәртебесін өз­герту қажеттілігі туындайды. Рес­пуб­лика көлемінде халық саны бо­йынша өз мәртебесіне сәйкес келмейтін 13 қала бар (Ақмола – 3, Ақтөбе – 2, Шығыс Қазақстан – 2, Қарағанды – 1, Қызылорда – 1, Маңғыстау – 1, Солтүстік Қа­зақстан – 3). Со­нымен қа­тар Президент Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыр­күйектегі Жол­да­уындағы тап­сырмаларды іс­ке асыру бағы­тында Үкімет ауыл­дық аумақтар мен шағын қала­лар бойынша ұлттық жобаны пысықтауда. Ұлттық жобада әлеу­­меттік және инженерлік ин­фра­құрылымды кешенді жаң­ғыр­ту, шағын кредит беруді қо­са алғанда, кәсіпкерлікті мем­ле­кеттік қолдау, қала құ­рау­шы кәсіпорындарды қолдау, ша­ғын қалалардағы тұрғын үй құ­рылысы, нәтижелі жұмыспен қам­туды қолдау және шағын қалаларға қоныс аударуға жәр­демдесу және басқа да іс-ша­ралар көзделеді. Көрсетілген ша­ралар экономиканың жаңа сек­торларын дамытуға, шағын қала­лардан халықтың көші-қон ағынын азайтуға, шағын қалалар халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ аталған кешенді шаралар осы елді ме­кен­дердің кадрлық әлеуетін кү­шей­туге де мүмкіндік береді. Жо­ғарыда баяндалғанның негі­зін­де аудандық маңызы бар қа­ла­­ларға жұмыс істеу және тұру үшін келетін мамандарға әлеу­меттік қолдау шараларын ұсы­ну мәселесі Ұлттық жобаны пы­сық­тау барысында қаралады. Білімді түлек білікті маманға айналары хақ. Осы ретте оқуын аяқтап қалада қалып қоймай, ауыл­дың ахуалын арттыруға ат­салысамын деп аттанған әр­бір жас­тың қолтығынан демеп, қол­дау көрсету жергілікті бас­шы­лардың назарында бо­луға тиіс. Сонда ғана маман тап­­шы­лы­ғы сияқты маңызды мәселе шешілері сөзсіз.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар