жұма, 25 қазан, 2024 20:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған оқу құралы шығарылды

Жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған оқу құралы шығарылды
ашық дереккөзі
Жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған оқу құралы шығарылды
Қазақстанда өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында педагогтерге арналған экологиялық оқу құралы шығарылды, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі. Қазақстанның экологиялық қоры «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» атты әдістемелік құралын әзірледі. «Басылымда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша сабақтан тыс іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдар бар. Оқу құралының материалдарына отандық және шетелдік ғалымдар мен практик-педагогтердің танымал әдістемелері де енгізілген», - дейді «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ басшысы Айгүл Абдуалиева. Әдістемелік құралдың авторы – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Жанат Базарбекова. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, оқу құралы жалпы білім беру мекемелерінің педагогтеріне, сондай-ақ халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға мүдделі барлық тұлғаларға пайдалы болады. «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар