Жасөспірімге зорлық-зомбылық жасаған ер адам 22 жылға сотталды
Жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған ер адам 22 жылға сотталды, —деп хабарлайды Jambylinfo. kz.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы мәселеге нүкте қойды. Айыпталушы 2023 жылы жәбірленушіні, бірнеше рет зорлап, жыныстық қатынасқа түскен. Сондай-ақ түрлі төсек қатынасына қатысты зорлық-зомбылық жасаған. Сотталушыға педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігін (Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау) қолданып, 22 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалып отыр.