Жаңалықтар

Жасанды интеллект сот шешімдерін орындауды қалай жеңілдетеді

The final spritzer

Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді

Әділет министрлігі азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу сапасын арттырып, мәжбүрлеп орындату жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа өзгерістердің бірі – «Өндіріп алушы мен борышкердің жеке кабинетін» жетілдіру және «Цифрлық ассистентті» енгізу. Бұл жүйе сот шешімдерінің орындалу барысын толық бақылауға мүмкіндік береді. Өндіріп алушылар мен борышкерлер сот орындаушысының қандай әрекеттер жасағанын және алдағы қадамдарды нақты көре алады. 

Жүйенің тағы бір артықшылығы – ұсыну мерзімі өтіп кеткен атқарушылық құжаттар бойынша туындайтын мәселелерді автоматтандыру. Яғни, азаматтар мүлкіне салынған тыйымдарды алып тастау, республикадан шығуға қойылған шектеулерді жою және борышкерлер тізілімінен шығару процестерін жеңілдетеді.

Бұл жаңашылдықтар азаматтарға сот шешімдерінің орындалуын бақылап қана қоймай, оларды уақтылы және ашық түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.