бейсенбі, 22 мамыр, 2025 19:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жастарға арналған ипотекалық бағдарламаға 2026 адам өтініш берген

Жастарға арналған ипотекалық бағдарламаға 2026 адам өтініш берген
Фото:depositphotos.com
2025 жылдан бастап жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы кезең-кезеңімен аяқталады.

Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қатысушыларының 81%- ы жеңілдетілген ипотекаға өтініш берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бағдарлама қатысушылары жалдау шартында белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты мемлекеттік пәтерлерден шығуда.

Оларға мемлекет тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде «Отбасы банкімен» бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың жалпы санының 81%-ы.

Нәтижесінде 647 адамға несие берілді, 321 адам баспана іздеу үстінде.

Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар