бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 0:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жастар арасында індет жұғу өршіп барады

Жастар арасында індет жұғу өршіп барады
ашық дереккөзі
Жастар арасында індет жұғу өршіп барады
Мегаполисте жастар арасында індет жұқтыру белең алып барады. Соңғы деректерге сәйкес, жастардың індет жұқтыруы 35,5%-ға дейін көтерілді. Күн сайын індетке шалдығып жатқандар саны 700-ге жетіп жығылады. Көзі ашық дейтін жастарымыздың көпшілігі әлі де пандемия жағдайында өмір сүріп жатқанын ерен қылмайды. Жалпы, халық бәрін көріп-біліп отырса да, жауапкершілік жетіспей жатыр. Медицина мамандары үй­дегі үлкен кісілер қанша жерден сақтанып, сыртқа шықпай отырса да, көп жағдайда оларға отбасының қыдырымпаз мүше­лері індет жұқтырып жатқаны туралы талай рет жіктеп бер­гені есімізде. Бір аптада Ал­матыда карантин шараларын бұзған 700-ге жуық мекемеге айыппұл салынды. Оған қоса тек соңғы айда 700 заңды және 3 мыңнан аса жеке тұлға карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Мысалы, осы сәрсенбіде «Бармаглот» барына карантин талап­тарын сақтамай, 100 адам жиналғаны үшін айыппұл салынды. «Бармаглот» барымен қосылып жұмыс істеген, Медеу ауданында «Мята» лаундж барында 60-қа жуық адам болған. Эпидемиялық ахуалды елемей, карантинге көнбей келе жат­қан мұндай нысандардың сала-құлаш тізімін бұқаралық ақпарат құралдары да жариялап келеді. Мына дерекке қараңыз, биыл БАҚ Германияда карантин талаптарын бұзғандар үшін «күштеп орналастыру мекемесі» пайда болуы мүмкін екенін жазған еді. Дереккөзде Саксония билігі осы бастаманы қолға алатыны, ережеге бағынбағандардың Дрезден қаласындағы босқындарды қабылдау орталығына жібері­летіні айтылады. Бұл мекеме 2017 жылы салынған екен. Мекеме төңірегі қоршалған. Оны полицейлер бақылап отырады. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл мекемеге карантин ережелерін бірнеше рет бұзғандар ғана күштеп орналастырылады. Саксонияның Денсаулық сақтау министрі ұқсас бастаманы былтыр да көтерген еді. Бірақ ол кезде карантин ережелерін елеме­ген­дерді психиатриялық ем­ха­наларға, не қонақүй мен ауру­ханаға жіберу ұсынылған. Алайда билік бұл идеяны құптамаған болатын. Қарап отырсақ, Алматыда биылғы 20 наурыз бен 29 сәуір аралығында карантин талаптарын белден басқан 714 нысан анықталды. Тығылып тойлатып жатқандары қаншама?! Анықталған нысандардың 492-сі – мейрамхана, дәмхана және дүкендер, 93-і – компьютерлік клуб, 15-і – бильярд клубы, 43-і – СПА-салон, 26-сы – сауна, 2-уі – кальян бары, 20-сы – караоке клубы, 9-ы – лото клуб, біреуі – букмекерлік кеңсе, 15-і – түнгі клуб. 3288 адамға әкімшілік жауапкершілік туралы хаттама толтырылды. Алматы әкімдігі карантин шараларын – бетперде тағу режімін, әлеуметтік қа­шықтықты сақтауды жалғас­тыруға жағы тынбай үндеп отырса да, індеттің аза­бын­ өзі­нен өткермей, оған сенбей­тін­дер әлі де жеткі­лікті. Эпи­демиологтардың мәлі­меттері бойынша бүгін­де Алматыда 20-39 жас аралы­ғындағы жас­тар арасында КВИ жұқтыру өршіп тұр. Коронавирус инфекциясын жұқтыру 34,8%-дан 35,5%-ға дейін көбейген. Демек әлі де болса тұрғындардың жетесіне жететін ақпараттарды көбейтіп, барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды күшейте түсу қажет.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар