сенбі, 2 қараша, 2024 19:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«ЖАСТАР ОРЫС ӘДЕБИЕТІН ЖИІ СҰРАЙДЫ». КІТАП САТУШЫЛАРЫ ОҚЫРМАН СҰРАНЫСЫ ЖАЙЫНДА НЕ АЙТАДЫ?

«ЖАСТАР ОРЫС ӘДЕБИЕТІН ЖИІ СҰРАЙДЫ». КІТАП САТУШЫЛАРЫ ОҚЫРМАН СҰРАНЫСЫ ЖАЙЫНДА НЕ АЙТАДЫ?
ашық дереккөзі
«ЖАСТАР ОРЫС ӘДЕБИЕТІН ЖИІ СҰРАЙДЫ». КІТАП САТУШЫЛАРЫ ОҚЫРМАН СҰРАНЫСЫ ЖАЙЫНДА НЕ АЙТАДЫ?
Кітап қашан да мәнін жоғалтпайтын, ғасырдан ғасырға білім мен ғылымды тасымалдайтын таптырмас құрал. Бүгінгі таңда жастардың арасында кітап оқу сәнге айналды. Жамбыл облысындағы ең ірі кітап сататын дүкендерді аралап, жастар арасындағы сұранысқа ие әдебиеттермен таныстық. Тараз қаласында ұзақ жылдар бойы халыққа еңбек етіп келе жатқан Букиннист кітапханасының сатушысы Әсел Арапова шаһарда шет ел жазушыларының туындыларына сұраныс көп дейді:
Бізден жастар орыс әдебиетін жиі сұрайды. Мысалға, Елена Малисова мен Катерина Сильванованың «О чем молчит ласточка» туындысы көп сатылады. Мектеп жасындағы балалар «Жабайы алма», «Ұшқан ұя», «Менің атым қожа», «Әкең де бала болған», «Ақиқат пен аңыз», «Гарри Поттер» кітаптарын алады. Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабын жасы үлкен кісілер сұрайды,-дейді
Қазақстандағы ең ірі балалар дүкені «Marwin»-нің Тараз қаласындағы орталығына бардық. Сатушы Бредигер Артурдың айтуынша мотивация және психология тақырыбындағы кітаптар өтімді екен:
Қазақ әдебиетінен Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабын сүйсініп оқитын жас оқырмандар көп. Сонымен қатар замануи орыс жазушыларының «В конце они обе умрут», «Лето в пионерском галстуке» кітабы жиі сатылады. Ең танымал бестселлер мотивация және психология саласында болса, қалғандары антиутопия жанрын іздейді. Классикалық туындылардың оқырмандары сирек келеді,- дейді.
Жамбыл облысында жақында ашылған Kitap.al дүкенінің сатушысы Абуова Күнсұлу бүгінгі күні жас оқырмандар саны артып келе жатқандығына қуанады:
Біздің дүкенде жастар талғамына сай кітаптар қамтылған. Сол себептен болар сатып алушылар саны көп. Қазақ әдебиетінен «Абай жолы», «Кемел адам», «Бейсен мен Болмыс», «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітаптары, Әлем әдебиетінен қазақ тілді аудармалар «Джейн Эйр», «Уақыт машинасы», «Шерлок Холмстың басынан кешкендері» күнделікті сатылады. Орыс тілінде детектив жазушысы Агата Кристидің шығармаларын жиі сұрайды. Бизнес мен психология саласындағы  кітаптар сәнге  айналған. Орыс жазушыларына қарағанда, шетел әдебиетіне қызығушылық басым,-дейді.
 

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

 конвергенттік журналистика мамандығы бойынша

3 курс студенті

Әбдіқайымова Жанел.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар