Жаңалықтар
Жастарды әскерге күштеп алып кету дұрыс па? Министр жауап берді
- авторjambylinfo.kz
- 7 маусым, 2023
- 279
Жастарды әскерге күштеп алып кету дұрыс па? Министр жауап берді
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жастарды әскерге күштеп алып кетіп жатқан жағдайларға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қолданыстағы заңнама бойынша әскерден жалтарып жүрген жастарды іздестіру және Қорғаныс істері жөніндегі департаментке шешім қабылдау үшін әкелетін заңнама нормалары бар. Дегенмен расымен де заң бұзушылық фактісі болса, нақты жағдайларды көрсету керек, - деді министр.Журналистер министрден «желіде жастарды әскерге түнгі клубтардан және компьютер залдарынан күштеп алып кетіп бара жатқан жазбалар тарады. Бұл жағдай туралы не айта аласыз?» деп сұрады.
Нағыз патриот жастар болса, неге олар әскерге бармайды? Бұл жерде негізгі сұрақ – неге олар әскерге бармайды, неге оларды түнгі клубтан әскерге әкетіп жатыр? Демек көңіл көтеруге күш-жігері бар, бірақ конституциялық міндетін орындамайды, - деп жауап берді министр.«Егер әскери комитеттердің өкілі заңсыз түрде жастарды әскерге алып кетсе, оларға қандай да жаза күші қарастырыла ма?» деген сұрақ қойылды.
Егер әскери комитет өкіліне шағым түссе, онда әкімшілік немесе тәртіптік жауапқа тартылады. Ол тек оның ісі шынымен де заң бұзу болып саналған жағдайда, - деп түсіндірді Руслан Жақсылықов.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз