Жаңалықтар

Жаттығу — денсаулық кепілі!

Жаттығу — денсаулық кепілі!

Жаттығу — денсаулық кепілі! Қазіргідей көктем мезгілінде саф ауамен тыныстап жасаған жаттығудың денсаулық үшін әсері мол болмақ. Арайлана атқан күн сәулесінің өзі де көңілге қуаныш сыйлайды. Ұдайы жаттығудың арқасында өзіңізді сергек сезініп, көп ұзамай-ақ бойыңыздан оң өзгерістерді аңғаратыныңыз анық. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері барлығы дерлік спортты серік еткендер. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай ететін ҚАЖ қызметкерлері әр күн сайын бір сәт спорттық жаттығуларды бірге орындайды. Жалқаулықтың жетегінде кетпеудің алдын алған тәртіп сақшылары үшін мұндай дене жаттығуларының пайдасы зор екені айтпаса да түсінікті.