Жаңалықтар

Жаттығу залында балаларды қазақша сөйлеуге міндеттеген бапкер Парламентке шақырылды

Жаттығу залында балаларды қазақша сөйлеуге міндеттеген бапкер Парламентке шақырылды

Жаттығу залында ана тілімізде сөйлемеген балаларды сынға алып, "қазақша сөйлеңдер" деп ұрысқан бокс бапкері желіде көпшіліктің қошеметіне бөленіп қана қоймай, Парламенттен жиі төбе көрсететін болды, деп хабарлайды Жамбылинфо  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. КТК телеарнасының хабарлауынша, Қазақ ММА Boxing клубының жетекшісі Мұхит Амантаев Парламентке жиі барып жүр. Ол мәжіліс пен Сенат қабырғасындағы спорттық мәселелерді ортаға салып, талқылауға спикер ретінде шақырылып жүр. Жаттығуға барған балаларға "ана тіліңде тілдесу керек" деп ақыл айтып жатқан үзінді әлеуметтік желіде тез тарап, әлі де қызу талқыланып жүр. Десе де, Мұхит Амантаевтың өзі бұлай ғана танымал болуды қаламапты. Ол жуық арада Олимпиада чемпонын шығармай қоймайтынын айтты.