жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаяу бұрқасын, жел: 5 өңірде ескерту жарияланды

Жаяу бұрқасын, жел: 5 өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Жаяу бұрқасын, жел: 5 өңірде ескерту жарияланды
11 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік шығыстан соғып, күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 11-13 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар