сенбі, 23 қараша, 2024 6:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"ЖАЙЛЫ МЕКТЕП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАМБЫЛДА 12 МЕКТЕП САЛЫНАДЫДА АЛДАҒЫ

"ЖАЙЛЫ МЕКТЕП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАМБЫЛДА 12 МЕКТЕП САЛЫНАДЫДА АЛДАҒЫ
ашық дереккөзі
"ЖАЙЛЫ МЕКТЕП" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАМБЫЛДА 12 МЕКТЕП САЛЫНАДЫДА АЛДАҒЫ
"Жайлы мектеп" Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында 2023-2025 жылдары Жамбыл облысында 9500 оқушыға арналған жаңа форматтағы құны 61 млрд. 165 млн. теңгені құрайтын 12 мектептің құрылысы жоспарланған". Осылай деп Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Сондай-ақ ол, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілді) аясында 2023-2024 жылдары құны 5,2 млрд.теңгені құрайтын 30 денсаулық сақтау нысандарын соғу жоспарланғанын да мәлімдеді.Яғни, 2023 жылы 10 нысан, 2024 жылы 20 нысан соғу жоспарлануда. "Құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 5 айында құрылыс нысандарына 46 (2022ж-26) жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижесінде 27 нұсқама (2022ж-7) беріліп, 77 әкімшілік іс қозғалды (2022ж-36), 21,6 млн. теңгеге айыппұлдар салынды (2022ж-8 879 664). Әкімшілік жауапкершілікке 49 тапсырыс беруші (2022-21), 18 мердігер мекеме (2022-8), 1 жобалаушы мекеме (2022-3), 6 техникалық қадағалаушы (2022-3), 3 авторлық қадағалаушы (2022-0) тартылған. Өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған 1 мердігер мекеме («Ерк-Астана» ЖШС) құрылыс лицензиясынан айырылды (2022-0), 3 техникалық қадағалаушының (А.Бозжигитов - «DACO Инжиниринг» ЖШС, Н.Кансеитов -«НеоГеоСтройпроект» ЖШС және Б.Исабаев - «ЗКА Проект» ЖШС) атестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды (2022-0). Сонымен қатар, құрылыс саласындағы кемшіліктердің көптеп орын алуын, шетелдегі табиғи апаттардың салдарын ескеріп, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жетілдіру мақсатында мораторийге байланысты Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, тексерулерге қатысты шектеулерді алып тастау бойынша Үкіметке ұсынтар жолданды,"- деп атап өтті Ибрайханов. Өз сөзінде, облыс әкімінің орынбасары өңірдегі интернет мәселесіне де тоқталып,  2025 жылы облысымыздың елді-мекендері 100% 4G-мен қамтылатынын айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар