Жаңалықтар

Жаза мерзімін өтеп жатқан сотталған шетел азаматтарын экстрадициялау жұмыстары

Жаза мерзімін өтеп жатқан сотталған шетел азаматтарын экстрадициялау жұмыстары

Азаматтарды экстрадициялау екі ел арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Қазақстан Ресей Федерациясымен, Қырғызстан, Түркменстан және Тәжікстан елдерімен экстрадициялау туралы келісім-шарттар жасалған. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесінде 40-қа жуық шетел азаматтары жазасын өтеуде, соның ішінде бірнеше сотталған өз елдерінде жазаларын өтеу туралы өтініш білдірген. Сотталған ресейлік азамат еліміздің Бас прокуратурасына Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы өтініш білдірген. Омбы облыстық Черлак аудандық сотының қаулысымен Ресей Федерациясы әділет министрлігінің жазаларды орындау қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, сотталғанның жазасын өз елінде өтеуге рұқсат берді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының үкімі шетел мемлекетінің қылмыстық заңына сәйкестендірілді. Жыл басынан 3 сотталған қырғыз азаматының өз еліне экстрадициялау туралы өтініші қанағаттандырылып,  тергеу изоляторына айдауылданып,  ары қарай Қырғыз Республикасында жазасын өтеу үшін экстрадицияланды. Сонымен қатар, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің барлығы өз азаматтарын қабылдауда оң шешім шығара бермейді. Мәселен, кейбір мемлекеттер жазасын өтеушінің ел мүддесіне кері әсерін тигізуі мүмкін екендігін немесе оны асырауға бюджеттен қаражат бөлінбегендігін көрсетеді. Сотталған шетел азаматтарын экстрадициялау жұмыстары түзеу мекемелерінде ұдайы атқарылуда.