Жаңалықтар

Жаза өтеу мерзімі айыппұл төлеумен ауыстырылды

Жаза өтеу мерзімі айыппұл төлеумен ауыстырылды

Жаза өтеу мерзімі айыппұл төлеумен ауыстырылды Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №26 түзеу мекемесінен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруына байланысты алматылық азамат бостандыққа шықты. Ол айыппұл төлеу арқылы еркіндікке жолдама алды. Ал оған Алматы қаласы М.Әуезов аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің баптарына сәйкес, 8 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған еді. 53 жастағы азаматты мекеме қақпасынан шығарып салу барысында оған міндеттері мен құқықтары түсіндірілді. Мекеме қызметкерлері сотты болған азаматтың болашақ өміріне сәттілік тілеп, бұдай былай заңға қайшы әрекеттерге бармауды есіне салды.