Жаңалықтар

Жазасын өтеуші мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді

Жазасын өтеуші мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді

Жазасын өтеуші мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді  width= Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін сотталған азамат тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Айтуынша, жабық мекеменің қызметкерлері оған үнемі қолдау көрсетіп, қоғаммен байланысын арттыруға күш салуда. Сондай-ақ түрлі мәдени-спорттық шараларға белсене қатысуға мүмкіндік беріп, бойындағы талантын шыңдауға қол ұшын беруде. «Темір торға тоғытылған жан психологиялық тұрғыда қолдауға аса зәру болады. Осы тұста ҚАЖ қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Олар әрбір сотты болған азаматпен тілдесіп, мәселелерін шешуге ықпал етеді. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыда қолдау көрсетіп, медициналық көмек алуға ықпал етеді. Айтулы мереке қарсаңында түзеу мекемеснің басшы және жеке құрам қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіргім келеді», - делінген жазасын өтеуші азамат жазған хатында.