Жаңалықтар

Жазасын өтеуші қос азамат құжаттандырылды

Жазасын өтеуші қос азамат құжаттандырылды

Еліміздегі түзеу мекемелерінде жазасын өтейтін азаматтарды құжаттандыру мәселесімен арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері айналысады. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері Тараз қалалық көші-қон полиция басқармасындағы әріптестерімен сотталғандарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс жасауда. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде мекемеде жазасын өтеуші қос азамат жеке басын куәландыратын құжатқа қол жеткізді. Олардың алғашқысы Қылмыстық Кодекстің 190 бабының  бөлігі бойынша 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылса, кейінгісіне дәл осы Кодекстің 189 бабының 1 бөлігіне сәйкес 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққан. Жалпы, жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын қиындататыны белгілі. Сондықтан да арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды құжаттандыру мәселесін күн тәртібінен түсірген емес.  

Арайлым СӘТТІБАЕВА,

№26 мекемесі арнайы есепке алу бөлімінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты