Жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті
Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында шахматтан жарыс өтті. Сайыстың мақсаты – сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру әрі олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Бірнеше сағатқа созылған жарыста сотты болғандар шаршы тақта үстінде тез ойлауға, жылдам шешім қабылдап, алма-кезек жүріс жасап, тартысты ойын өрнегін көрсетуге күш салды.
Ой сарабына салмақ салатын ойында қарсыластарына дес бермеген 3 жазасын өтеуші өз мықтылықтарын дәлелдеп, өзгелерден оқ бойы озық шықты. Жарыс соңында мекеме әкімшілігі тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы грамота табыс етілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Эрмитажды аралады
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 желтоқсан, 2025






