сейсенбі, 1 қазан, 2024 12:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жазасын өтеушілер бұқаралық спорттан бақ сынасты

Жазасын өтеушілер бұқаралық спорттан бақ сынасты
ашық дереккөзі
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорттан бақ сынасты
ҚАЖ қызметкерлері тарапынан жазасын өтеушілерге салауатты өмір салтын насихаттау әрі олардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте түзеу мекемелерімен облыстық спорт басқармасына қарасты бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығымен тығыз байланыс орнатылған. Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесіне облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығының қызметкерлері арнайы келіп, жабық мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс өткізді. Бұл күні сотталған азаматтар қол күресі мен гір тасын көтеруден өзара кім мықтыны анықтады. Жарыстың қорытындысында сайысқа белсене қатысып, тамаша ойын өрнегін көрсеткен жазасын өтеушілерге облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Арман Ташметовтің қолы қойылған диплом табыс етілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар