Жазасын өтеушілер туған-туыстарымен «Skype» арқылы сөйлесті
Жазасын өтеушілер туған-туыстарымен «Skype» арқылы сөйлесті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер Ауғанстан азаматтары туған-туыстарымен «Skype» арқылы тілдесті. Бейнебайланыс барысында сотты болған азаматтар өз жақындарының амандығын біліп, сәлем жолдады. Айта кетейік, Ауғанстан мемлекетінің 5 азаматы Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сот үкімімен темір торға тоғытылған.