Жаңалықтар

Жазда балалар қандай медициналық қызметтерді тегін ала алады

18 жасқа дейінгі балалар МӘМС жүйесінде мемлекет есебінен сақтандырылған, сондықтан тексеру, вакцинация, мамандар кеңесі мен оңалту қызметтері тегін көрсетіледі.

Жаз мезгілі – балалардың денсаулығына көңіл бөліп, тексеруден өтуге өте тиімді кезең. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жазда көрсетілетін тегін медициналық қызметтер туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

   Маңызды мәліметтер:

  • Қазақстандағы 18 жасқа дейінгі барлық балалар — МӘМС жүйесінің қатысушылары, жарнаны мемлекет төлейді.
  • 2025 жылы профилактикалық тексерулер мен скринингтерге – 47,5 млрд теңге,
    мектеп медицинасына – 28,1 млрд теңге бөлінді.

  Жазда тегін қолжетімді қызметтер:

  • Профилактикалық тексерулер (емханада немесе мектепте өткізіледі)
  • Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес вакцинация және ревакцинация
  • Маман кеңестері: ЛОР, офтальмолог, хирург, тіс дәрігері
  • Диагностикалық тексерулер: УДЗ, ЭКГ, рентген, КТ, МРТ
  • Оңалту қызметтері: физиотерапия, массаж, ЛФК (медициналық көрсеткішке сәйкес)
  • Алғашқы және шұғыл медициналық көмек

Егер бала оқу кезінде тексеруден өтпеген болса, жазда тіркелген емханада өтуге болады. Барлық қызметтер МӘМС және ТМККК аясында тегін ұсынылады.