жұма, 27 желтоқсан, 2024 16:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жазда тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

Жазда тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін
ашық дереккөзі
Жазда тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін
Жазда тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін. Бұл жөнінде Қазақстан риелторлар қауымдастығы мәлімдеді. Олардың айтуынша, қазіргі қымбатшылық зейнетақы төлемдеріне байланысты қалыптасып отыр. Әрине, басқа да себептер бар. Бірақ негізгі фактор – осы. Қазақстандық риелторлар жылжымайтын мүлік нарығындағы баға арзандайтынын алға тартты. Әсіресе, бірер айдан кейін көрсеткіш 10 процентке төмендеуі мүмкін. Өйткені, бірте-бірте зейнетақы төлемдеріне қатысты қарбалас басылады. Бағаның күрт көтерілуі осыған байланысты пайда болды дейді мамандар. Өйткені баспанаға деген сұраныс артты. Әсіресе, қолданыстағы үйлердің қожайындары бұл мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысты. Бірақ күзге қарай үй бағалары қайта қымбаттайды деген де болжам бар. Бұл жолы көрсеткіш 5 проценке жетеді және аталмыш тенденция жыл соңына дейін сақталады дейді риелторлар. Ал сарапшылар болса, баспана арзандайды деген пікірмен мүлде келіспей отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар