Жазушы, ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті
Жазушы, ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек 16 сәуірде таңертең Facebook-тағы парақшасында жазушының дүниеден өткенін хабарлады.
"Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын. Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын" деп жазды Елгезек.
Кейбір ақпаратқа қарағанда, жазушының қайтыс болуына коронавирус себеп болған.
Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Әр жылдары түрлі басылым-журналдарда, баспаларда түрлі қызмет атқарған. Оның өлеңдері орыс, литва, болгар, чех, украин, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Өзбек ақыны Хамза Ниазидің өлеңдерін өзбек тілінен аударып, жеке кітап етіп шығарған.
Есенғали Раушанов совет дәуіріндегі қарсылық әндердің бірі "Қарабауыр қасқалдақ" әнінің сөзін жазған. Аталған ән совет одағы тарамай тұрып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына орай туған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026






