Жаңалықтар

Жазушылар одағы сырқаттанған ақын-жазушыларға қолдау көрсетеді

Жазушылар одағы сырқаттанған ақын-жазушыларға қолдау көрсетеді

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшылығы сырқаттанып жүрген ақын жазушыларға көмек көрсету туралы мәселені қарастырды.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов бұл бастама одақ жанынан құрылған «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асатындығын айтты.

Жазушылар одағының хабарлауынша, биылғы жылдың соңына дейін 50 мың теңге көлемінде ай сайынғы материалдық көмек Несіпбек Айтов, Заря Жұманова, Жүрсін Ерман, Айсұлу Қадырбаева, Сара Латиева, Тұрлыбек Мәмесейіт, Нина Скалковскаяға берілетін болады. Мереке Құлкенов мүмкіндігінше қаламгерлерге әлеуметтік қолдау білдіріп, шығармашылықпен айналысуға жағдай жасау одақтың негізгі міндеттерінің бірі екендігін жеткізді.