Жаңалықтар

"Жеңіл жүрісті қыздардың маскасы болды". Айнұр Жүгінісова тоқал болу үшін хиджаб киетіндер туралы айтты

"Жеңіл жүрісті қыздардың маскасы болды". Айнұр Жүгінісова тоқал болу үшін хиджаб киетіндер туралы айтты

Қоғам қайраткері, продюсер, ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова хиджаб киетін қыздарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Айнұр Жүгінісова өзін мешітке жиі шақырып, түрлі қиындықты басынан өткерген қыздарға ақыл айтуын сұрайтынын айтты. Оның айтуынша, хиджаб киіп, қара жамылып жүрген қыздар қиындықтан шығу үшін осындай қадамға барады.

Оның айтуынша, қоғамда жеңіл жүрісті қыздардың өзі хиджаб киіп, біреудің тоқалы болып тиіп алған жағдайлар жетерлік.