Жаңалықтар
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады
- авторjambylinfo.kz
- 1 ақпан, 2023
- 255
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады
Өнеркәсіпті дамыту қоры бағдарлама үшін арнайы сайт та жасап шығарды, деп хабарлайды Жамбыл инфо Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына өтініш беру платформасы 6 ақпаннан бастап жұмысын бастайды. Ол үшін autonesie.kz сайты ашылды.
Ескеретін жайт:
- Өтініштер тек ЭЦҚ көмегімен компьютер арқылы ғана қабылданады;
- Жалпы 761 өтініш қабылданады, содан кейін платформа автоматты түрде жабылады;
- Өтініштерді тек Қазақстан аумағынан ғана беруге болады;
- Тіркелгеннен кейін автомобиль өндірушісін өзгерту мүмкін болмайды;
- Сайтта тіркелмей несие алу мүмкін болмайды.
Экспресс К бұған дейін жеңілдетілген автонесие үшін 30 пайыз төлем талап ету қаншалықты заңды екені туралы жазған болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала