Жеңілдетілген автонесие беру сайты тексеріледі
Жеңілдетілген автонесие беру сайты тексеріледі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, autonesie.kz порталына қатысты азаматтардан шағым көп түскен. Сәйкесінше, сайттың ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары заңға сай ма екендігін тексеру ісі басталған. Бұған дейін бұл ресурс ешбір сынақтан өтпегендігі жайлы айтылған болатын. Өнеркәсіпті дамыту қоры мемлекеттік техникалық қызмет тарапынан платформаны тексеру қажеттілігі жоқтығын айтқан еді.