Жедел-іздестіру қызметкерлері марапатталды
Жедел-іздестіру қызметкерлері марапатталды
Жедел-іздестіру қызметкерлері марапатталды №26 мекемесінің жедел-іздестіру қызметкерлері марапатталды. Облыстық ҚАЖ департаментінде өткен жиын барысында департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев қазан айының 5-ші жұлдызы қылмыстық іздестіру қызметінің күні екенін атап өтіп, дәл осы қызметтің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген қызметкерлерге айрықша құрмет көрсетті. Жалпы, бұл күні алғысқа бөленгендердің қатарында №26 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Уалихан Сатенов пен аға жедел уәкілі әділет капитаны Махамбет Бақытжанұлы да бар. Айта кету керек, 1918 жылы 5 қазанда РСФСР Халықтық Комиссариатының шешімімен Қылмыстық іздестіру қызметі құрылған болатын.