Жаңалықтар

Жеке кәсіпкерлердің бір жылдық есептері тыңдалды

Жеке кәсіпкерлердің бір жылдық есептері тыңдалды

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысының төрағалығымен ҚР ІІМ ҚАЖК «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекеме аумағынан жұмыс орнын ашып, сотталғандарды ақылы жұмыстармен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкердің бір жылдық есебіне қорытынды жасалды. Атап айтқанда, «Ламия» жеке кәсіпкері 2022 жылдыңы сәуір айында мекеме аумағынан ағаш және темір бұйымдарын жасау бойынша жұмыс орнын ашып, 30 сотталғанды ақылы жұмыстармен қамтамасыз етуде.  width= Тәртіп бойынша жеке кәсіпкер Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне жыл бойы атқарған жұмысы, кіргізілген шикізаттары, шыққан дайын өнім бойынша есеп беріп, таза табыстың 50% мемлекет бюджетіне аудару бойынша есебін өткізеді. «Ламия» жеке кәсіпкерінің жұмысы қанағаттандырарлық болып саналып, объектіні сенімгерлік басқаруға алып, жұмысын әрі қарай жалғастыратын болды.    

                                                                     Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру

                                                                     бөлімшесінің бастығы

                                                                     әділет майоры

                                                                     Сагиндикова М.У.