Жаңалықтар
Жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға мемлекеттік баж мөлшері артады
- авторjambylinfo.kz
- 13 қаңтар, 2023
- 226
Жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға мемлекеттік баж мөлшері артады
Жеке куәлігін жылына екі реттен көп жоғалтқан адамдарға аталған қызмет үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшері көбейтілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәжліс депутаттары Салық кодексіне осындай түзету енгізу туралы бастама жасап отыр.
Құжат мәтінінде жоғалған жеке куәлігін қалпына келтіру туралы өтінішті бір жылда үшінші рет беріп тұрған адам 1 АЕК (3 450 теңге) көлемінде мемлекеттік баж төлейтіні айтылған. Қазіргі қолдаынста Қазақстан Республикасының кез келген азаматыжеке куәлігін ресімдеу немесе ауыстырғаны үшін 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлейді.
«Құжатты қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік баждың ұлғаюы азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттарға ұқыпты қарауға ынталандырады», – делінген құжатпен қоса берілген негіздемеде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жуалы құтқарушылары алты адамды қауіпсіз жерге көшірді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025