Жаңалықтар

Жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға мемлекеттік баж мөлшері артады

Жеке куәлігін жиі жоғалтатындарға мемлекеттік баж мөлшері артады

Жеке куәлігін жылына екі реттен көп жоғалтқан адамдарға аталған қызмет үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшері көбейтілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Мәжліс депутаттары Салық кодексіне осындай түзету енгізу туралы бастама жасап отыр. Құжат мәтінінде жоғалған жеке куәлігін қалпына келтіру туралы өтінішті бір жылда үшінші рет беріп тұрған адам 1 АЕК (3 450 теңге) көлемінде мемлекеттік баж төлейтіні айтылған. Қазіргі қолдаынста Қазақстан Республикасының кез келген азаматыжеке куәлігін ресімдеу немесе ауыстырғаны үшін 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлейді.