сәрсенбі, 2 қазан, 2024 7:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жеке тұлғалардың банкроттығы деген не?

Жеке тұлғалардың банкроттығы деген не?
ашық дереккөзі
Жеке тұлғалардың банкроттығы деген не?

2022 жылғы 22 желтоқсанда мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Банкроттық туралы заң) қол қойды. Бірақ ол ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткеннен соң әрекет ете бастайды. Бұл дегеніңіз, қарыздары бар, сол қарыздарын өтей алмайтын азаматтардың 2023 жылғы 3 наурыздан банкроттыққа өтініш бере алатынын білдіреді. 

Банкроттық туралы заң рәсімнің үш түрін көздейді, олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни несие беруші борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқылы болмайды.

Соттан тыс банкроттық қашан қолданылады?

Қарыз алушы-жеке тұлғаның банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлықагенттіктердің алдындағы берешегі 1600 айлықесептік көрсеткіштен (2023 жылы бұл 5 млн 520 мың теңге) аспайтын болса, онда ол соттан тысбанкроттық рәсімін қарастыра алады. Бірақ қарызалушы төмендегідей кейбір талаптарды сақтауыкерек:

оның атына тіркелген, оның ішінде, ортақменшіктегі мүлік болмауы керек;

өтініш берілген күні, қатарынан 12 ай ішінде олкредиторлардың, коллекторлардың алдындаміндеттемелер бойынша төлем жасамаған болуғатиіс;

мерзімі өткен берешек туындаған уақыттанбастап, 18 айдан аспайтын мерзімде борышкергеқатысты кредиттік шарт бойынша орындалмағанміндеттемелерді реттеу немесе өндіріп алужөніндегі рәсімдер жүргізілген болуға тиіс;

өтініш берілген күні ол 7 жыл бойыбанкроттықты қолданбаған болуға тиіс.

Сондай-ақ соттан тыс банкроттыққа өтінішберілген күні 5 жылдан астам уақыт бойы өзберешегін өтемеген қарыз алушыжекетұлғалар жүгіне алады.

Алты ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын борышкер кешіктірілген мерзімдіескерусіз аталған рәсімді қолдануға өтініш береалады.

Аталған рәсімді қолданғаннан кейін борышкерге«банкрот» мәртебесі беріледі.

Өтінішті 2023 жылғы 3 наурыздан бастап, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы беруге болады. Қазіргі уақыттатестілеуден өтіп жатқан ақпараттық жүйе арқылыборышкердің қажетті өлшемшарттарға сәйкестігітұрғысынан мүдделі мемлекеттік және өзге де органдардың деректерімен автоматты түрдесалыстырып тексеру жүргізілетін болады.

Сот арқылы банкроттық қашанқолданылады

Азаматтар аталған рәсімді 1600 АЕК-тен астамборыштар бойынша (2023 жылы – 5 млн 520 мыңтеңге) және кредиторлар алдындағыборыштардың барлық түрлері бойынша қолданаалады.

Сот арқылы банкроттық барысында борышкердіңмүлкі сауда-саттық кезінде сатылады. Алайда, бұл жерде ескеретін тұстар бар. Кредитор сот арқылы банкроттық барысында борышкердіңжалғыз баспанасын тек ол кепіл нысанасы болғанжағдайда ғана алып қоюға құқылы.

«Банкрот болған адамдар» үшін салдарықандай?

Соттан тыс немесе сот арқылы банкроттықрәсімін қолдануға шешім қабылдағанборышкердің мыналарды білгені дұрыс:

— 5 жыл бойы қарыз және микрокредит алуғатыйым салынады (ломбардтардыңмикрокредиттерін алуды қоспағанда);

қайта банкроттық болу 7 жыл өткен соң ғанамүмкін болады;

— банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайынабанкроттықтан кейін 3 жыл бойы мониторинг жүргізілетін болады.

Алименттер бойынша, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық бойыншашығынды өтеу жөніндегі борыштар есептеншығаруға жатпайды.

Банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпынакелтіру рәсімі туралы толық консультациянықайдан алуға болады?

Жеке тұлғаның банкроттығы тәртібі туралыанағұрлым толық ақпарат ҚР Қаржыминистрлігінің және ҚР Қаржы министрлігіМемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарында жарияланады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Азаматтарғаарналған үкімет» МК» КЕАҚ байланысорталығына 1414 нөміріне (қосымша нөмір 3) не  https://t.me/SalyqBot  тelegram-чатынахабарласуға болады.

Тараз қалалық №2 халыққа қызмет көрсету

бөлімінің басшысының м.а Е.А.Тоқымбаева

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар