Желіден алынған ақша
Кредиттерді онлайн режимде алудың жылдам әрі ыңғайлы болуына қарамастан, оларды ақылмен пайдалану қажет. Теріс және жауапкершіліксіз көзқарас болған кезде айтарлықтай қаржылық шығындарға ұшырап, алғаннан гөрі одан көбірек беруге тура келеді.
Онлайн-кредиттердің ыңғайлы болуы өте айқын. Бөлімшеге барудың қажеті жоқ, кезек жоқ. Бұдан басқа, онлайн-кредит беру кезінде әдетте кепіл болжанбайды. Қазіргі уақытта оларды алу үшін онлайн-режимде кредиторға өзіңіз туралы шамалы ақпарат ұсыну жеткілікті: ЖСН және мобильді телефон нөмірі. Онлайн-кредиттер бойынша шешім өте тез қабылданады, ал мақұлдау пайызы аса жоғары.
Алайда бұл ретте тұтынушылар, сол сияқты қаржы ұйымдары да қаржылық алаяқтық және үшінші тұлғаларға жалған кредит алу фактілеріне тап болды. Сондықтан 2021 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі клиенттерді идентификаттау жөніндегі талаптарды қатаңдатты және барлық микроқаржы ұйымдары үшін міндетті болатын клиенттерді идентификаттаудың жаңа тәртібін қабылдады. Жаңа талаптарға сәйкес енді клиентті аутентификаттау үшін мынадай үш тәсілдің біреуін пайдалану көзделген:
- Ұлттық куәландыру орталығы беретін электрондық цифрлық қолтаңба;
- ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының Жеке деректерді өңдеу орталығы көрсететін қызметтерді пайдалану арқылы биометриялық идентификаттау;
- Екі факторлы аутентификаттау.
- кредиттің қаншалықты қажет екенін бағалаңыз. Мүмкін ақшаны басқа жерден оңай және арзан алуға болатын шығар;
- кірістер мен шығыстарды ескере отырып, қаржылық мүмкіндіктеріңізді есептеңіз;
- кредит шығындарының өсуі мүмкін екенін ескере отырып, өз мүмкіндіктеріңізді талдаңыз. Егер кредит қысқа мерзімді болса, онда сіз кредитті тұтас және пайызымен қоса бірден беруіңіз керек, ал егер ұзақ мерзімді болса, үстінен едәуір артық төлем жасайсыз.
- кредитті алу шартта белгіленген мерзімде борыштың негізгі сомасын (кредитордан алынған сома) қайтару, сондай-ақ кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы, комиссиялар және басқа да төлемдер төлеу міндетін түсіну;
- қарыз шартын және оның талаптарын мұқият оқып шығыңыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз