Желтоқсандағы мерекелер кезінде қосымша пойыздар қатынайды
- авторСадуақас Айсұлу
- 2 желтоқсан, 2024
- 304
"Жолаушылар тасымалы" компаниясы Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BAQ.KZ cілтеме жасап.
№201/202 "Астана-Алматы" пойызы:
Астанадан: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Алматыдан: 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.
№203/204 "Астана-Шымкент" пойызы:
Астанадан: 2024 жылдың 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Шымкенттен: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 2, 5 қаңтары.
№205/206 "Ақтөбе-Астана" пойызы:
Ақтөбеден: 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсаны, 2025 жылдың 1, 4 қаңтары.
Астанадан: 2024 жылдың 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсаны, 2025 жылдың 3, 6 қаңтары.
Барлық пойыздарда купе және плацкарт вагондары бар.
13 желтоқсанынан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:
"Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.
"Павлодар-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.