сенбі, 2 қараша, 2024 9:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары жарық көреді

Жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары жарық көреді
ашық дереккөзі
Жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары жарық көреді

Жергілікті қаламгерлердің кітаптарын басып шығару ісі қолға алынды. Осыған байланысты жергілікті қаламгер, ақын-жазушыларды қолдау мақсатында көркем әдебиеттерін басып шығару, тарату және насихаттаудың ережесі жарияланды.

Яғни, авторлар өз шығармаларын «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынады.

«Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі авторлардың әртүрлі жанрдағы туындыларынсараптап, қарау жөніндегі сараптау тобы мен комиссия құрамын қалыптастырады.

«Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ авторлардың туындыларын кітап етіп шығарып, кітапханаларға таратады.

Комиссия қарауына ұлттық құндылықтар мен салт – дәстүрлерді дәріптейтін туындылар проза, поэзия, әдеби сын, драматургия жанрларында ұсынылуы тиіс.

Өтінім беруге Жамбыл облысы аумағында тұратын авторлар құқылы (облыс аумағында 1 жылдан кем емес тұрақты мекен-жайы болуы тиіс).

Авторлар туындыларын 2023 жылдың 20 шілдесінен бастап 20 тамызы аралығында комиссияға ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №1 («Ішкі саясат басқармасы» КММ, 303 кабинет).

Сондай-ақ, ережеде авторларға мынандай талаптар қойылған.

3.1. Жамбыл облысының тұрғыны болып саналатын автор бұрын жарияланбаған туындысын (проза, поэзия, әдеби сын, драматургия) ұсынуға құқылы.
3.2. Автор бір ғана кітабын шығаруғакомиссияға ұсына алады.
3.3. Кітап парағы 100-ден кем емес, 300-ден артық болмауы тиіс.
3.4. Ұсынылған кітаптарда кісінің жеке басына, ар-намысына нұқсан келтіретін, ұлтараздықты ушықтыратын, теріс әрекеттерді насихаттайтын элементтер болмауы керек.
3.5. Отбасылық, мерейтойлық деңгейдегі шығармалар, шежіре-шығармалар жиынтығы, жеке тұлғаларға қатысты деректер, журналистік зерттеулер, ақпараттар, архивтік материалдар, тарихи тұлғалардың өмірбаяны мен атқарған қызметіне қатысты хронологиялық тізімдер қабылданбайды. Ұсынылған шығармалар барлық әдеби талаптарға толық жауап беруі шарт.
3.6. Автор негізгі Ережеде көрсетілген уақыттан туындыларын кеш ұсынған жағдайда, автордың өтінімі қабылданбайды.
3.7. Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін авторлардың туындылары конкурстан шығарылады.
3.8. Ұсынылған туындының жанры бойынша үздіктері анықталып, кітап болып басылады.
3.9. Баспадан жіберілген кітаптың бір данасы (сигнал) Комиссияның қарауына енгізіледі.
3.10. Туындысы шыққан авторға «Ішкі саясат басқармасы» КММ тарапынан гонорар қарастырылмайды, төленбейді.

Ереженің толық нұсқасымен Жамбыл облысы әкімдігінің, сондай-ақ облыстық ішкі саясат басқармасының сайттарынан оқып, таныса аласыздар.

 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар