жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жерлесіміз Алина Айдаралы – бас жүлдегер

Жерлесіміз Алина Айдаралы – бас жүлдегер
ашық дереккөзі
Жерлесіміз Алина Айдаралы – бас жүлдегер
Әулиеата өңірінде басқа құндылықтармен қатар айтыс өнері де жақсы дамыған. Алдыңғы толқын Шорабек, Әзімбек, Мұхамеджан, Алтынкүл, Күміскүл, Айнұрларды айтпағанда, Қанат Мырзахан бастаған жастардың да талай биікті бағындырып жүргені белгілі. Сол жас толқының бірі – Алина Айдаралы. Жақында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш топырағында «Жыр алыбы –Жамбыл» республикалық дәстүрлі ақындар айтысы мәресіне жетті. Осы айтыста жерлесіміз, Жамбыл ауданы, Айша бибі орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алина Айдаралы тақырыптық бағыт бойынша бас жүлдені иеленді. Алина әуелі шымкенттік Аян Қуаныштан басым түсті. Алинаның: Жастар жүр көз алмастан фильмінен, Үңіліп телефонға жиі кірген. Осындай жастарымыз тайынбайды, Білімге мұрындарын шүйіруден. Бесіктен бел-аяғы шықпай жатып, Барамыз жұрдай болып мейірімнен,- деп толғаны көрерменнің көңілін дөп басты. Финалда алматылық Ерасыл Сейітжанұлынан да басым түскен Алина қазылар тарапынан екі кезеңде де кілең «10» ұпайға қол жеткізді. Осылайша, Алина бас жүлдені иеленіп қайтты. Бұл жеңіске жамбылдық жанкүйерлердің ықыласынан бөлек Алинаның сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құралай Райымбекованың, айтыстағы ұстазы Есет Досалының сіңірген еңбегі үлкен. Бас жүлдегерді жерлестері, ұстаздары мен сыныптастары Тараз теміржол вокзалынан күтіп алып құрмет көрсетті. Қарсы алу сәтінде аталған Айша бибі орта мектебінің директоры Бақыт Шертаева дарынды шәкіртінің жеңісі үшін ерекше қуанатынын айтып, алдағы додаларда да табыс тіледі. Сондай –ақ, сынып жетекшісі Құралай Райымбекова, жас айтыскер Інжу Жаңабай жылы лебіз білдірді. Алина Айдаралы сөз алып, осы жеңісін қасиетті Әулиеата топырағына арнайтынын айтып, барша көпшілікке, жерлестеріне алғыс білдірді. – «Жыр алыбы –Жамбыл» дәстүрлі айтыс. Оқушылар үшін маңызы жоғары. Осы кезге дейін жамбылдық Айым Көшербай, Дидар Апбасов, Шалқар Кеңесбек осы айтыстың республикалық кезеңінде әр жылдары бас жүлде алған болатын. Алина Айдаралы осы жеңісті жолды жалғай білді. Шәкіртімнің айтулы аламанда топты жарып, сенімді ақтағанына қуаныштымын. Талантты оқушыны тани білген аталған орта мектеп директоры Бақыт Шертаеваға да алғысым шексіз, -дейді ұстазы, айтыскер ақын Есет Досалы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар