Жетім балаларды баспанамен қамту бағдарламасы керек - сенатор
Жетім балаларды баспанамен қамту бағдарламасы керек - сенатор
Сенатор Амангелді Толамисов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй алу мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиеленіп жатқан мекемелердің орналасқан мекенжайы бойынша емес, туған жерлеріне қатысты тұрақты тұрғылықты тіркеуге қойып, сол өңірлерде баспана кезегіне енгізу керек. Бұл өз кезегінде олардың жылдамырақ баспана алуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесіп, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен жетім балалар санатында кезекте тұрған жастарға жеңілдетілген тұрғын үй ипотекалық бағдарламаларын және сатып алу мүмкіндігінсіз мемлекеттік жалға берілетін пәтерлерге қатысты бағдарламаларын қарастыруы тиіс», - деді Амангелді Толамисов Сенаттың жалпы отырысында.